Өлім жазасына қатысты заң жобасы гуманистік идеяға негізделген. Құжатқа енгізілген түзетулер осыны айғақтайды. Қоғамда адам өмірін қиюға ешкімнің хақысы жоқ деген сана-сезім қалыптасуы керек. Сондықтан еліміз халықаралық деңгейдегі азаматтық және саяси құқықтарға арналған факультативті хаттамаға қосылған. Ең ауыр жаза соғыс отын өршіткендер үшін ғана қолданылады. Қалған жағдайларда өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы сақталады.
Ермек Әбдірасұлов, Заң және құқықтық ақпарат институтының сарапшысы, еуразия ұлттық университетінің профессоры:
Менің ойым, сана-сезімге өте кіру керек, ешкім адамды өлтірмейді. Ешкім адамның өмірін алмау керек деп сондай сана-сезім ол бір күнде қалыптаспайды. Оған мүмкін 10, 20, 50, 100 жыл керек шығар. Бірақ та тарихта ондай бар.