Пандемия басталғалы қан донорлары 30 пайызға азайып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пандемия басталғалы қан донорлары 30 пайызға азайып кеткен

14.10.2021

Пандемия басталғалы қан донорлары 30 пайызға азайып кеткен. Мысалы, 2011 жылы донор болғандар саны 330 мыңға жуықтаса, өткен жылы бұл көрсеткіш 80 мың адамға кеміді. Мамандар бұл карантин талаптарының ықпалы деп отыр. Ал қанға мұқтаж науқастар күн сайын көбеймесе азаяр түрі жоқ.

Бахтияр Манабаев екі үш айда бір рет қан тапсырады. Бұл үрдіс оның әдетіне айналған. 26 жастағы азамат осылайша қанға зәру адамдарға көмектісі келеді.
Бахтияр Манабаев, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:
Қан тапсырғаннан кейін өзіңді жеңіл сезінесің.  Науқас сәбилер бар көптеген. Жарақаттанған адамдарға қан керек болады. Сол себепті, қан орталығында қанның көп болғаны дұрыс.
Бүгінде ол әдеттегідей алдымен анализ тапсырды. Терапевтің тексеруінен өтті. Сараптама нәтижесі жақсы болған соң бірден қан тапсырды. Осының бәріне шамамен 1 сағат уақытын жұмсады.

Қан жеткілікті болуы үшін күніне бір орталыққа кемі 100-120 адам келуі керек. Алайда пандемия басталғалы бұл көрсеткіш 30 пайызға төмендеп кеткен.
Зәуреш Әлменова, Нұр-Сұлтан қаласы қан орталығы бөлімінің дәрігер-трансфузиологы:
Қатал түрде карантин болды. автобустар жүрмеді. Біз үйінен алып кетіп, әкеліп жүрдік. Бізге қан тұрақты түрде керек. Өйткені, онкогемотологиялық ауруларға қан құю керек. Туа бітті қан жетіспеушілігі көбейіп жатыр.
Елімізде осы салада жұмыс істейтін 18 орталыққа жылына 220 мыңнан астам адам қан тапсырады. Бірақ жыл сайын науқастар саны көбейіп жатыр оның үстіне қанды ұзақ сақтауға келмейді. Сондықтан донорлардың көп болуы әр орталық үшін маңызды.
Раушан Сайлауқызы, тілші: 
Адамдардан алған қан компоненттері осы жерде сақталады. Темпиратура +2 +6 градус болу керек. Бірақ бұл қандардың сақталуы мерзімі шектеулі. 42 күнге дейін жарамды. Егер одан асып кетсе оны қолдануға болмайды.
Әр адамнан 450 мл қан алынады. Қан тапсырудың еш зияны жоқ. Керісінше ағза тазарып, түрлі аурулардың алдын алуға болады. Жас 18ге толған, салмағы 50 келіден асатын дені сау кез-келген адам қан доноры бола алады. Ең қолайлы жас 20 мен 40 жас аралығы – дейді дәрігерлер. Қан тапсырушыға 0,25 АЕК ақы төленеді.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу