Қазақстан құрамасы Финляндиядан ұтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан құрамасы Финляндиядан ұтылды

13.10.2021

Қазақстан футболшылары келер жылғы өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Финляндия құрамасынан 0:2 есебімен ұтылды. Бұл жерлестеріміздің өз тобындағы кезекті сәтсіздігі. Ойында екі голды да Теэму Пукки соғып, өз құрамасына үш ұпай алып берді. Қазір ол өз ұлттық құрамасында сұрмергендер көшін бастап, ең үздік шабуылшы атанды. Талғат Байсуфиновтың шәкірттері болса, әлі жеңіске жеткен жоқ. Топта соңғы орында тұр. Енді турнирдің соңғы кездесуін Қазақстан құрамасы 14-ші қараша Францияға қарсы өткізеді. 


Хабарламаларға жазылу