Отандық бронды машина сынақтың барлық кезеңінен өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық бронды машина сынақтың барлық кезеңінен өтті

13.10.2021

Қазақстанда жасалған бронды машина сынақтардың барлық кезеңінен өтті. Доңғалақты жауынгерлік көліктің мықтылығы 4 жыл бойы тексерілді. Әскери техника тек соңғы 6 айда дала мен сортаңдарда, таулы және құмды жерлерде 25 мың киллометр жол жүрген. Бронды машинаны жасаған кәсіпорын сынақтың барлық түрін Қорғаныс министрілігімен бірлесіп өткізген. Аталған көлік түрін жасау кезінде жауынгерлердің өмірін сақтауға ерекше ден қойылған. Қауіпсіздік деңгейі НАТО-ның стандарттарына сәйкес келеді.

Еңлік Мырзабекова, Жоба менеджері:

Ең басты біздің жетістігіміз ол тек қана Қазақстанда жасалған үстіндегі жауынгерлік модуль. Оның аты «Ансар». Ол 30 миллиметрлі зеңбірекпен және 7,62 миллиметрлі пулеметпен жабдықталған және ең бастысы ол программалық «Шұғыла» платформасы. Ол тек қана Қазақстанда жасалған болып саналады, біздің инженерлермен.


Хабарламаларға жазылу