Екібастұзда өндіріс өркен жайып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда өндіріс өркен жайып келеді

08.08.2019

Екібастұзда теміржол вагондарына қажетті қосарланған дөңгелектер ерекше технологиямен жасалатын болады. Кәсіпорын заманауи автоматтандырылған жаңа желіні іске қосты. Бұл әзірге әлемде баламасы жоқ-деп саналатын өндірістік жоба.

Мәселен, кәсіпорын күніне 120 дөңгелек шығарған болса, жобалық қуатына толық көшкеннен кейін 650 дөңгелек шығармақ. Ал, алдағы уақытта локомотивтерге арналған дөңгелектерді де жасау жоспарда бар. Зауыт өнімі ішкі нарықта сұранысқа ие. Артылғаны көршілес Ресей еліне экспортталады.

Игорь Голтвенко, кәсіпорынның атқарушы директоры:

Қазір дөңгелектерді экспортқа шығару жайын келісіп жатырмыз. Келесі кезекте біз «Дженерал электрик» компаниясымен де жұмыс жасамақпыз. 20-шы жылы бастаймыз. Осы жылғы меже локомотивке арналған «тісі бар» дөңгелектер өндірісін іске қосу. Зауыт жылына осындай 200 мың дана дөңгелек жасай алады. Келесі жылдың сәуір айында кәсіпорын жобалық қуаттылығына толықтай көшеді.

 

Болат Аманбаев

 

Хабарламаларға жазылу