Президент Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге құттықтау жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге құттықтау жеделхатын жолдады

12.10.2021

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге Қатар Мемлекеті Консультативтік кеңесінің мүшелерін сайлаудың табысты өтуіне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Ел тарихында алғаш рет ұйымдастырылған бұл саяси демократиялық шара Қатардың еркін азаматтық қоғам мен зайырлы мемлекет қалыптастыру жолындағы жетістіктерінің айқын көрінісі. Осы ретте, Шығанақ өңіріндегі Қазақстанның басты серіктестерінің бірі Қатармен тығыз байланыстарымыздың жылдан жылға ауқымы ұлғайып, ықпалдастығымыздың өрісі кеңейіп келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтемін, – деп жазылған жеделхатта.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу