Түркістан облысында төрт жылда көптеген әлеуметтік-мәдени жобалар жүзеге асырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында төрт жылда көптеген әлеуметтік-мәдени жобалар жүзеге асырылады

12.10.2021

Жаңарған, жасарған Түркістан. Жыл соңына дейін Түркістан облысында 700-ден астам елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылады. Аймақтың 65 мың тұрғыны табиғи газға қол жеткізеді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің аймаққа жасаған жұмыс сапары аясында айтылды. Партия төрағасының бірінші орынбасары өңірдегі сайлауалды бағдарламаның іске асу барысымен танысты. Облыста 5 жылға жоспарланған 2 мыңға жуық жобаның 20 пайыздан астамы қазір жүзеге асты. Жаңадан тұрғын үйлер бой көтеріп, 15 мектеп пен 8 мәдени нысан салынды.

Бауыржан Байбек, "Nur otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Негізгі мақсат Елбасы, біздің Президентіміз айтқандай, қазір осы адами капиталды дамыту керек. Сондықтан жалақы көтеру керек, жағдай жасалынуы керек, осындай нысандар болуы керек. Қазірдің өзінде 25 процентке осы жылы орташа алғанда өсіп жатыр. "Нұр-Отан" партиясы жалпы сөзбен ештеңе айтпайды. Нақты көрсеттік нақты бес жылда осы қиыншылыққа қарамастан біз қазір орындаймыз.

Түркістан қазір қарқынды дамып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алдағы 4 жылда өңірде көптеген әлеуметтік және мәдени нысандар салу көзделген. Аймақта медицина қызметкерлерін даярлауға арналған гранттар саны артады. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе көбейеді. Тірек және серіктес ауылдарда фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар ашылады.

Марал Бекжан, дәрігер-кардиолог:

Он жыл үздіксіз білім алып, дәрігер-кардиолог мамандығын игеріп, қайта оралдым осында. Жас мамандардың тың көзқарасы керемет үйлесімділікпен ұштасып, осында ауруханамыздың тек қана өзінің деңгейі емес, дәрігерлердің көрсететін сапасы арта түседі деп ойлаймын.

Партия төрағасының бірінші орынбасары «Jastar-Otanga!» халықаралық жастар форумының қатысушыларымен де кездесті. Мемлекеттік тілге дубляждалған «Жан» мультфильмінің балаларға арналған қайырымдылық көрсетіліміне қатысты. Бауыржан Байбек өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету үшін елімізде 234 арнайы орталық ашылады деді.


Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу