Солтүстік Қазақстанның Айыртау ауданында 48 гектар орман оталмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанның Айыртау ауданында 48 гектар орман оталмақ

12.10.2021

Алқап қалайы өндірісімен айналысатын отандық компанияға ұзақ мерзімге жалға берілген. 18 жыл бойы зерттелген «Сырымбет» кен орны қалайы өндіретін еліміздегі жалғыз өндіріс ошағы саналады әрі Орталық Азиядағы ең ірі кен орны. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, қалайы өндірісін арттыру үшін орманды отаудан басқа жол жоқ көрінеді. Кейін 600 жұмыс орнын ашу көзделген. Компанияның орташа жылдық өнімділігі 2,5 млн. тонна.

Нұржан Садықов, Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

«Сырымбет» қалайы кен орнын игеруге құқығы бар отандық инвестор. Жалға берілген 48 гектар жер «Имантау-Шалқар» курорттық аймағына кірмейді. Компания екі есе көп ағаш егуге міндетелді. Осы жоба табысты іске асырылатын болса – Қазақстан әлемдегі ең ірі қалайы өндірушілердің ондығына кіреді.




Хабарламаларға жазылу