Мекемедегі қызметкерлердің вакцинациясы тексеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мекемедегі қызметкерлердің вакцинациясы тексеріледі

11.10.2021

Енді вакцинация паспортының немесе екпеден босататын анықтаманың, соңғы 7 күнде жасалған ПТР тесттің бар жоғы тексеріледі. Қазір Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлігінің бірлескен бұйрығына өзгерістер еңгізілуде. Бұл туралы санитарлық- эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. Бүгінде бұйрықтың жобасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Үкіметтік емес ұйымдардың талқысына жіберілген. Ал коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуал әзірге бірқалыпты. Соңғы тәулікте елімізде қауіпті індетті жұқтырған 1717 адам анықталды. 33 науқас қайтыс болды. Ал Шымкент қаласының халқы 100 пайыз екпе алып, қала жасыл аймаққа енді. 

Хабарламаларға жазылу