Қарағандыда дизельдік отын тапшылығынан қоғамдық көліктер жүрмей қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда дизельдік отын тапшылығынан қоғамдық көліктер жүрмей қалды

11.10.2021

Қарағандыда демалыс күндері жанармай станцияларында дизельдік отын болмай, қоғамдық көліктердің бірқатары шықпай қалды. Бұны қала билігі де растап отыр. Жалпы сенбі-жексенбіде қала ішінде барлығы 193 автобус жолға шыққан. Бұл демалыс күндерге жоспарланған қоғамдық көліктің 72 пайызы. Жағдайды қала әкімдігі бақылауға алды. Ал, бүгін таңертең барлық маршруттар қайта жүре бастады.


Хабарламаларға жазылу