Президент «СИБУР Холдинг» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «СИБУР Холдинг» компаниясының басқарма төрағасы Дмитрий Коновты қабылдады. Мемлекет басшысы көмірсутегін сапалы өңдеу ісі бүгінде Қазақстанның мұнай-газ саласындағы басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, полипропилен және полиэтилен өндірісі жөніндегі жобаларға қатысты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуын құптады. Бұл жобаларды «Самұрық-Қазына» мен «ҚазМұнайГаз» компаниялары жүзеге асырып жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:Сіздер мұнай-химия кешенінің құрылысына қатысты мәселелермен бірлесіп айналысасыздар. Қазақстан Үкіметі менің тапсырмам бойынша жобаларды іске асыруға жан-жақты көмек көрсетеді. Жуырда өткен Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық форумында Владимир Путин екеуміз екі ел арасындағы экономикалық ықпалдастық мәселелерін мұқият зерделеуге және нақты нәтижелерге қол жеткізуге келістік.
Дмитрий Конов, «СИБУР Холдинг» компаниясының басқарма төрағасы:Бүгінде Қазақстанда полипропилен өндіру жобасы бойынша жақсы база қалыптасқан. Оның құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі кезеңде кадрларды даярлауға көмектесудің тиімділігін көріп отырмыз. Бұл бағыттағы жұмыстарды бастап та кеттік. «ҚазМұнайГаз» компаниясының 100-ге жуық қызметкері дайындықтан өтті, бұл жұмысты жалғастыра береміз.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстан қазақтары: «Ақындар – асыл мұрамыз»
09.02.2026, 17:39
Қысқы Олимпиада: Бүгін қазақстандықтар екі спорт түрінен жарысады
09.02.2026, 17:38
Үлгілі ауылындағы үлгілі әже жертөлесін музейге айналдырған
09.02.2026, 17:37
Түркістанда этнос өкілдері Мұқағалидың өлеңдерін жатқа айтты
09.02.2026, 17:34
Алтынемелде аң көбейіп келеді
09.02.2026, 17:32
БҚО-да алпыс жылқы арам өлді
09.02.2026, 17:30
Атырау облысында ірі қарадан жұқпалы ауру анықталды
09.02.2026, 17:27
Ақмола облысында ₸1 трлн инвестиция жобалары мақұлданды
09.02.2026, 17:24