Сирек кездесетін құжаттар Ұлттық кітапханаға табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирек кездесетін құжаттар Ұлттық кітапханаға табысталды

08.10.2021

Алматыда Халықаралық қатынастар жөніндегі қазақстандық кеңестің ұйымдастыруымен белгілі қытайтанушы ғалым Клара Хафизованың жеке құжаттар топтамасы Ұлттық кітапхана қорына тапсырылды. Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері, дипломаттар, ғалымдар мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Тарихшының кітапхана қоры түрлі ғылыми зерттеулерді, Қазақстан тарихына байланысты оқырманға қажет, құнды еңбектер мен әлемге әйгілі тұлғалардың өмірбаяны туралы құжаттарды қамтиды. Клара Шайсұлтанқызы қазақ-қытай қарым-қатынасы туралы бірнеше монография жазған. Тарих, мәдениет пен саясат жөнінде 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

Нұрхан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу