Қызылорда облыстық қоғамдық кеңес мүшелері газ бағасын арзандатуды талап етуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облыстық қоғамдық кеңес мүшелері газ бағасын арзандатуды талап етуде

08.10.2021

Қызылорда облыстық қоғамдық кеңес мүшелері өңірдегі газ бағасын төмендетуді талап етіп отыр. Былтыр көгілдір отынның 1 текше метрі 21 теңге болса, биыл 2 теңгеге арзандады. Бірақ, табиғи монополияларды реттеу департаменті «ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» компаниясы тарифті 44 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндігі бар деп есептейді.

Бақберген Досмамбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы:
Көршілес Атырау, Ақтөбе облыстарында оның бағасы 7-12 теңге болғандықтан бізде 21 теңге болғасын көп деп. Екі рет бағаны түсір деп нұсқама берілген. Бірақ оны олар орындамай отыр бір-екі жылдан бері. 

Жобада көрсетілген тарифті көтергені үшін газ таратушы мекеменің өзі онсыз да тұтынушыларға 1,5 миллиард теңге қарыз. Тұрғындарға келтірілген залалды өтеу міндеттелген. Алайда, бұл мәселе қайта сотта қаралып жатыр. Ал көгілдір отынның бағасына қатысты «ҚазТрансГаз Аймақ» басшыларының өз уәжі бар.

Жолдасбек Әбенов, «ҚазТрансГаз Айма» АҚ Қызылорда филиалының бөлім басшысы:
Оңтүстік өңірлер мен батыс өңірлерді салыстыратын болсақ, Қызылорда ортасында тұрмыз. Баға ондай қымбат емес. Қазір көбінесе пайдаланып отырғанымыз «Бейнеу-Базой-Шымкент» газ құбырынан газды тасымалдап отырмыз.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу