Нигерияның қауіпсіздік агенттері қарулы топ ұрлап әкеткен 187 адам құтқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нигерияның қауіпсіздік агенттері қарулы топ ұрлап әкеткен 187 адам құтқарды

08.10.2021

Нигерияның қауіпсіздік агенттері қарулы топ ұрлап әкеткен 187 адамды құтқарды. Олар елдің солтүстік-батысындағы Замфара штатында табылыған.

Бұл аймақта былтыр желтоқаннан бері мектептер, ауылдар және сапарға шыққан адамдар бандалық топтардың шабуылына көп ұшырады. Оларды қылмыскерлер ақша талап ету үшін кепілге алған.

Жергілікті құқық қорғау органдары Замфарада ауқымды операция жүргізуге мәжбүр болды. Ал, ұры-қарылар арасындағы байланысты үзу үшін билік коммуникациялық қызметті тоқтатып отырған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу