Коронавирусқа қарсы іс-қимылдың жүйесі қалыптасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа қарсы іс-қимылдың жүйесі қалыптасты

07.10.2021

Алматыда коронавирусқа қарсы жұмыстар бір ізге түсіп, жүйе қалыптасты. Шаћар тұрғындары инфекцияныңтөрт толқынын өткізіп, індетпен бір кісідей күресе білді. Мәселен, шілде, тамыз айларында тәулігіне 1500 адам вирус жұқтырса, бұл көрсеткіш қазір 400-ге дейін төмендеген.

Екі миллион халқы бар мегаполисте инфекциямен күресу үшін бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. 364 мобильді бригада құрылып, емханаларға қосымша 70 жедел жәрдем көлігі берілді. Тәулігіне 16 мыңПТР сынама жасайтын 28 зертхана іске қосылды. Сонымен қатар, үйде емделіп жатқан науқастарды бақылайтын Телемедицина орталығы жұмыс істеді.

Ержан Бабақұмаров, қала әкімінің орынбасары:
Бұл жұмыс моделі инфекцияның төрт толқынын жеңуге мүмкіндік берді. 2020 жылдыңжазында және 2021 жылдың басында біз уханьдық штаммен байланысты екі толқыннан өттік. 2021 жылдың көктемінде – альфа штаммымен туындаған толқынды бастан өткердік.

Шілде айының ортасында тіркелген «дельта» штаммы қала тұрғындарына оңай соқпады. Тәулігіне вирус жұқтырғандардың саны 1500-ден асып кетті. Жыл басынан бері шаћарда 152 мыңадам індеттің ілмегіне ілінсе, соның 85 мыңы осы жаңа нұсқамен байланысты. Десе де жүйелі жұмыстардың арқасында мұны да ауыздықтау мүмкін болды.

 Жандарбек Бекшин, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:
Ауа райының суық болуына орай шамалы көтерілуі мүмкін. Неге десеңіз көп тұрғындар жабық ғимараттарға көшіп жатыр.  Сондықтан біз оқушыларға, студенттерге қатаң тексеріс жүргізіп жатырмыз. Және бұл мәселе біздің қатаң бақылауымызда тұр. 

Қазір мегаполис бойынша коронавирусқа қарсы екпенің бірінші дозасын алғандардың саны 960 мыңнан асты. Шаћар басшылығының сөзінше, тұрғындар арасында ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін, екпе алғандардың саны кемінде бір миллион үш жүз мың адам болуы тиіс. Бұл межеге жету үшін 162 егу пунктері әлі де жұмыс істеп тұр.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу