Алматыда жалған вакцина паспортын сатудың 16 дерегі тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жалған вакцина паспортын сатудың 16 дерегі тіркелді

07.10.2021

Алматыда коронавирусқа қарсы екпе салу науқаны басталғалы бері жалған вакцина паспортын сатудың 16 дерегі тіркелді. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн брифингте мәлімдеді. Аталған деректер бойынша екі емхананың басшысы мен алты мейірбеке жұмыстан босатылған. Олар қаладағы № 21-ші, 4-ші және 16-шы медициналық мекемелерде жұмыс істеген. Қазір заң бұзушылық фактлерін тергеп тексерумен құзырлы органдар айналысып жатыр. Айта кетеіік, бүгінге дейін шахар бойынша 960 мыңнан аса адам коронавирусқа қарсы вакцина алды. Соңғы тәулікте Covid-19-ды 400-ден астам тұрғын жұқтырған. 170 науқас жансақтау бөлімінде жатыр.


Хабарламаларға жазылу