Павлодар облысында мектеп директоры алаяқтықпен айналысқан
Павлодар облысында алаяқтықпен айналысқан мектеп директоры ұсталды. Ол Май ауданындағы орта білім беру мектептерінің бірін басқарған. Күдікті қаржылық мекеменің атын жамылып, өз ауылдасына қоңырау шалып, берешегін қайтаруды талап еткен. Аз ақша емес, бақандай 1 млн.теңге. Банктен өмірі несие алып көрмеген тұрғын бірден полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары күдіктіні сол ауылдан тапты.
Алма Мұсабекова, Полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы:Май ауданы тұрғынына микрокредиттік ұйымнан несиені төлеу туралы талап пен қоңыраулар түсе бастайды. Аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 190-шы бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтады.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қысқы Олимпиада: Бүгін 5 спортшымыз шығады
18.02.2026, 13:35
Өзбекстанда өз көлігіңізбен жүру мерзімі 90 күннен 180 күнге дейін ұзаруы мүмкін
18.02.2026, 13:30
Ресейде автокөлік алушылар азайып кетті
18.02.2026, 13:24
Конституция жобасы әділетті қоғам орнатуға бағытталған
18.02.2026, 13:18
Мемлекеттік басқару академиясы Конституция жобасын түсіндірді
18.02.2026, 13:15
Коалиция мүшелері Шымкент халқымен жүздесті
18.02.2026, 13:12
Таразда 13 жастағы қызды ұрлағысы келгендер ұсталды
18.02.2026, 13:09
Алматыда қызылшаға жұқтырған балалар көбейді
18.02.2026, 13:06