Химия бойынша Нобель лауреаттарының есімдері жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Химия бойынша Нобель лауреаттарының есімдері жарияланды

06.10.2021

Бірер сағат бұрын Стокгольмдегі Нобель комитеті химия бойынша лауреаттарды атады.

Бұл номинация бойынша биылғы Нобель жүлдесі германиялық Биньямин Лист пен америкалық Дэвид МакМилланға бұйырған. Бір-бірінен тәуелсіз түрде тәжірибе жүргізген қос ғалым молекулаларды синтездеудің жаңа тәсілін тапқаны үшін ерекшеленді. Мұндай органикалық молекулаларды арзан әрі экологиялық жолмен жаңа дәрілер жасап шығаруға, күн батареяларында және тағы басқа салаларда қолдануға болады. Ашқан жаңалықтары үшін ғалымдар 1 млн 140 мың доллар көлеміндегі Нобель жүлдесін бөліседі. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу