Алматыдағы атыс: Үйден шығару туралы шешім кейінге шегерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы атыс: Үйден шығару туралы шешім кейінге шегерілді

06.10.2021

Алматыда бес адамның өмірін қиды деп айыпталған Игорь Дужновтың отбасы үйінен шығарылмайтын болды. Қалалық сот оның жары Анаида Демирчанның өтінішін қанағаттандырды. Яғни, бұл отбасының келер жылдың сәуір айына дейін баспанасында тұруына уақыт берді.

Судья Дана Махметова жылу маусымы басталғандықтан, және кәмелетке толмаған балалар барын ескеріп, үйді босату жөніндегі сот шешімін кейінге шегерді. Еске салайық, 20 қыркүйекте Алматыдағы Ақбұлақ ықшамауданында Игорь Дужнов үйден шығару туралы сот шешімін орындатуға келгендерге оқ атқан. Атыс кезінде бес адам - екі полиция қызметкері, бір сот орындаушы және үйдің жаңа иесі мен оның досы қаза тапқан еді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл оқиғаға байланысты Адам өлтіру және Билік өкіліне күш қолдану баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу