Елордада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтті

06.10.2021

Елордадағы бейбітшілік және келісім сарайында әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері сьезі хатшылығының 19 отырысы өтіп жатыр. Алқалы жиын былтыр пандемияға байланысты өтпей қалған еді. Жиынға жаһанның 20 елінен делегаттар келген. Әртүрлі сенім-нанымдағы діни көсемдер, әлемдегі өзекті мәселелерді талқыға салып, көпшілікті бейбітшілікке үндейтін бастамаларды көтерді. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, съез халықаралық күн тәртібіндегі бірегей бастама және жаҺандық дінаралық диалогтың нағыз тиімді тетігі екенін атап өтті. Сондай-ақ хатшылық отырысы әлемдегі ахуалдың күрделі уақытында өтіп жатқанын жеткізді. Пандемиямен қатар геосаяси ахуал ушығып, қауіпсіздік жүйесі бұзылды. Халықаралық жағдай да шиеленісіп тұр. Мұндай кезде - адамдарды бейбітшілік, қоғамдық келісім және өзара қолдау секілді идеяларға үндеу маңызды деді Мәулен Әшімбаев.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу