Павлодарда «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшылары сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшылары сотталды

06.10.2021

Павлодарда «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің директоры мен шаруашылық меңгерушісі сотталды. Олар 5 жыл бойы «Достық үйінде» жұмыс істемеген бөгде адамдарға жалақы есебінде қаржы аударып, оны өздеріне алып келген. Одан бөлек іссапарға шықтық –деп жалған құжат толтырып отырған. Сот үкімі бойынша олар жазаны қауіпсіздігі барынша төмен түзеу мекемесінде өтейтін болады.

Гүлсім Ахтаева, №2 қалалық сотының бас маманы:

Сот үкімімен «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің басшысы бірнеше рет сеніп тапсырылған мүлікті талан-ьаражға салу фактісі бойынша, шаруашылық қоймасының меңгерушісі оған көмектескені үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 2 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ екеуі де өмір бойы мемлекеттік қызмет саласында үздік қызмет атқару құқығынан айрылды

Болат Аманбаева


Хабарламаларға жазылу