Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісін қабылдады

05.10.2021

Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозерді еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.
«АҚШ-тың елшісі ретінде атқарған қажырлы еңбегіңізге ризашылығымды білдіремін. Құрама Штаттар – Қазақстанның Тәуелсіздігін алғаш боп мойындаған елдердің бірі. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз» деді Президент.
Уильям Мозер елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалайтынын айтты. Сонымен қатар америкалық дипломат Вашингтонның Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ниетті екенін жеткізді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Уильям Мозерге алғыс хат пен арнаулы төсбелгі табыс етіп, алдағы дипломатиялық қызметіне табыс тіледі.

Хабарламаларға жазылу