Мұнай 120 долларға дейін қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай 120 долларға дейін қымбаттауы мүмкін

04.10.2021

Ал мұнай 120 долларға дейін қымбаттауы мүмкін. Bank of America сарапшылары қыста қара алтын құны тағы өседі деп болжам жасады. Қазір дүниежүзінде шикізатқа сұраныс артқан сайын бағасы біртіндеп көтеріліп жатыр. Мұндайдың баррелі жеті жылдан бері 100 доллардан асып, қымбаттаған жоқ. Сонымен бірге қазір көгілдір отынның бағасы екі есе өсті. Сарапшылар газдың қымбаттауы мұнайға сұранысты арттыратынын айтады. АҚШ шекарасын ашқан соң әуе тасымалы артып, жанармайға қажеттілік көбейетінін де ескертті. Өткен аптада Brent мұнайы 80 доллардан асқан. ОПЕК+ елдері Энергетика министрлерінің отырысы қарсаңында бүгін қара алтын сәл арзандады. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу