Екі Корея арасында телефон байланысы қайта орнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі Корея арасында телефон байланысы қайта орнады

04.10.2021

Екі Корея арасында бірнеше ай бұрын үзіліп қалған телефон байланысы қайта орнады. Мұны екі жақ та растап отыр. Осыған дейін Пхеньян Сеулді қару жасау мәселесінде қос стандарт ұстанды деп айыптағанымен, екі-жақты қатынастарды жақсартуға күш салуға шақырған еді.

Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, байланыстың қайта жандануы күтпеген қақтығыстардың алдын алып, аймақтағы әскери шиеленісті жеңілдетуге үлес қоспақ.

Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы коммуникациялық желі қызметі тамызда Сеул АҚШ-пен бірлесіп соғыс ойындарын өткізгеннен кейін тоқтап қалды.


Хабарламаларға жазылу