1 қазанда Қазақ радиосына 100 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 қазанда Қазақ радиосына 100 жыл толды

03.10.2021

1 қазанда Қазақ радиосына 100 жыл толды. Президент Қазақ радиосының күнімен байланыстырып бұл күнді жалпы Радио күні деп бекіткені мәлім.

Профессор Намазалы Омашев Қазақ радиосы 1921 жылы дәл осы күні алғаш рет әуе толқынында хабар таратты. Ахмет Байтұрсыновтың бастамасымен Қазақстаннның сол кездегі астанасы Орынборда алғаш тұсауы кесілді деп тұжырымдап берген еді.

Бұл Қазмедиа орталығында өткен шара. Құттықтаулар мен ақжарма тілектер. Концерттік қойылым. Әр жылдары қызмет еткен ардагерлер бас қосып, арқа-жарқа болды. Бір ғасыр бойы қазақтың тарихын, тіршілігін, дәстүрін, өнерін насихаттап келе жатқан қазақ радиосы еліміздегі аудиторияның 90 пайызына тарайды. 1 қазанда 40 ауылға Қазақ радиосы қосылды.


Хабарламаларға жазылу