Атырау мұнай өңдеу зауыты маусымаралық дизель өндірісіне дайындықты бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау мұнай өңдеу зауыты маусымаралық дизель өндірісіне дайындықты бастады

01.10.2021

Атырау мұнай өңдеу зауыты маусымаралық дизель өндірісіне дайындықты бастады. Ішкі нарықтың сұранысына сәйкес әзірге сүзгіштік температурасы минус 5 градус болатын дизель отыны шығарылады. Кәсіпорын қазіргі ахуалға байланысты биылғы жөндеуді де кейінге қалдырды. Жалпы зауыт соңғы 8 айда 1 млн 27 мың тоннадан астам дизель өндірді.

Ал, Шымкент мұнай өңдеу зауыты өндіріс қуатын арттырды. Энергетика министрлігі мен «Қазақмұнайгаз» ұлттық операторының тапсырысына сәйкес енді зауыт айына 312 мың тонна мұнайды артық өңдемек. Соның нәтижесінде енді айына 161 мың тонна дизель отыны шығарылады. Бұл өткен айдағыдан 21 мың тоннаға көп.
Алексей Шевчук, өндірістің бөлім басшысының орынбасары:
Тапсырысқа сәйкес Шымкент мұнай өңдеу зауыты бүгінен бастап тәулігіне 5 мың 200 тотнна дизель отынынын шығаратын болады. Цехтарымыз жаңғыртудан өткендіктен бұған мүмкіндігіміз жетеді. Сондай-ақ 6 қазаннан бастап дизель отынының маусым аралық түрі өндіріле бастайды. Оның сапасы Еуро-4 және Еуро-5 стандартына сәйкес келеді. 
1-ші қазаннан бастап Павлодар мұнай-химия зауыты жөндеуге тоқтайды» деген қауесет бекер болып шықты. Кәсіпорын қазір жұмыс істеп тұр. Тәулігіне 15 мың 200 тонна мұнай өндіріледі. Ал, жөндеу жұмыстары қазанның 19 мен 3-ші қараша аралығында жүргізіледі. Яғни, күзгі жиын-терім қызған мезгілде шаруалар жанар майдан еш тапшылық көрмейді.
Саятай Әлібаев,  Павлодар мұнай - химия зауыты бас директорының бірінші орынбасары:
Қазан айында біздің зауытымыз 121 мың тонна мұнай өндейміз. Және осы қазан айында 31 мың тонна дизель отынын береміз 18 мың тоннадан артық бензин береміз. Және де 6 мың газ. Зауытымыз қазір жұмыс істеп тұр.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу