Оқушылардың инновациялық жобалары жүзеге аспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушылардың инновациялық жобалары жүзеге аспақ

16.11.2017

Өнерлінің өрісі кең. Астанада өнертапқыш оқушылардың 20 жобасы кәсіпкерлерге таныстырылды. Бұлар олимпиадаға ұсынылған 200 инновациялық жұмыстың ең үздіктері. Шараға келген бес кәсіпкер жиырманың ішінен озық деген он жұмысты таңдап алды. Енді олар оқушылармен жыл бойы жұмыс істеп, өміршең жобалардың қолданысқа енуіне демеушілік жасайды. Іс барысын олимпиаданың негізгі ұйымдастырушысы «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы қадағалап отырады.

Мұхтар Манкеев, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының төрағасы:

- Он жобаның ішінен бір-екеуі коммерциялизациядан өтіп, нақты бір стартап, компания ретінде жұмыс жасап кететін болса, бұл бір үлкен жетістік болар еді. Өйткені, қоғамнан шыққан жоба. Біз мұны жалғастырамыз. Келесі жылы реалити-шоу ретінде көрсетеміз бе деп жоспарлап отырмыз.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу