Елде 5 миллионнан аса отбасының цифрлық картасы жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде 5 миллионнан аса отбасының цифрлық картасы жасалды

01.10.2021

Өңірлерді дамыту жоспарында тұрмыстық зорлықтың алдын алуға арналған индикатор жоқ. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мемлекеттік органдарға бірқатар ұсыныс айтты. Комиссия төрайымы Ләззат Рамазанова тұрмыстық зорлықтың алдын алуға Әділет, Мәдениет және спорт, Ішкі істер органдары тартылмағанын жеткізді. Комиссия талдау жүргізіп, заңсыз әрекеттердің 75%-ы тұрмыстық жағдайда болатынын анықтаған. Қазір «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы 5 өңірде іске асып жатыр. Ал 5 миллионнан аса отбасының цифрлық картасы жасалған.

Салтанат Тұрсынбекова, Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия төрайымының орынбасары:

Бізде өңірлердің даму жоспары бар. Сол жерде талдау барысында анықтағанымыз рухани жағынан болсын, зорлық-зомбылықтың алдын алу жағынан болсын бірде бір көрсеткіш жоқ. Біріншіден ол жерде, көрсеткіште нақты индикаторлар отыру керек.


Хабарламаларға жазылу