Мельбурнда карантинге қарамастан 1400-ден астам адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мельбурнда карантинге қарамастан 1400-ден астам адам коронавирус жұқтырған

30.09.2021

Мельбурнда өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны 1438-ге жеткен. Ал, одан бір күн бұрын инфекция 950 адамнан анықталған еді. Билік науқастар санының бірден көбеюіне адамдардың үйді-үйге топ болып жиналып, футбол көруі себепші дейді. Сонымен қатар, тұрғындар өткен демалыс күндері заңсыз түрде кештер ұйымдастырып, қатаң локдаун тәртібін бұзған.

Австралияның Сидней, Мельбурн және Канберра қалаларының халқы екі айдан бері карантин жағдайында өмір сүріп жатыр. Айта кетсек, таяуда бұл мемлекетте Дельта штамы өршіп, коронавирус инфекциясының үшінші толқыны басталған еді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу