ЛРТ ісі бойынша іздеуде жүргендер интерполдың тізімінде жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЛРТ ісі бойынша іздеуде жүргендер интерполдың тізімінде жоқ

30.09.2021

ЛРТ ісі бойынша іздеуде жүрген Қанат Сұлтанбеков пен Талғат Ардан интерполдың тізімінде жоқ. Бұл ақпаратты еш орган теріске де шығармады. Үнсіз. Есесіне, олардың отбасы мүшелерінің Нью-Йоркте үлдемен-бүлдеге оранып, алаңсыз өмір сүріп жатқандығы әлеуметтік желіде жиі жылт етеді. Осыған байланысты «Ақ жол» партиясы бас прокурорға сауал жолдады. Егер елдің құқық қорғау органдары аталған тұлғаларды халықаралық іздеуге берген болса, неліктен интерполда есімдері жоқ,-дейді депутаттар. Сондай-ақ ЛРТ жобасына қатысты бюджеттен қанша қаражат жымқырылып, және қаншасы қайтарылғаны туралы да мардымды ақпарат жоқ. Белгілісі тек млрд-таған теңгеге тек жұмыстың 15 пайыз ғана орындалған.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу