Нұр-Сұлтан мен Уфа қалалары арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан мен Уфа қалалары арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін

28.09.2021

Нұр-Сұлтан мен Уфа қалалары арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Маминнің Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировпен кездесуінде мәлім болды. Сондай-ақ Жайық трансшекаралық өзенінің ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері бойынша талқылау өтті. Тараптар Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдету жоспарларымен бөлісті. Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы тауар айналымы былтырғымен салыстырғанда 20%-ға өсіп, шамамен 200 млн долларға жетті.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу