Түркі әлемі үшін ортақ мәселелер талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркі әлемі үшін ортақ мәселелер талқыланды

28.09.2021

Түркітілдес елдердің Парламент өкілдері заманауи жаһандық сын-қатерлер аясында барлық мәселелер бойынша өзара іс-қимылды күшейтуге ниетті. Бұл түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының 10-шы пленарлық отырысы бойынша қабылданған Түркістан декларациясында көрініс тапты. Мәжіліс Төрағасы тарихи құжаттың маңыздылығына айырықша тоқталды.

Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанда парламентшілердің мерейтойлық пленарлық отырысы өтті. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин түркі елдері бірлігінің нығаюына Парламенттік Ассамблеяның маңызы зор екендігін айтты.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы: 
Осы Түркістан Декларациясында біз ТүркПА-ның негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың теңдессіз жоғары рөлін бағалап, тарихи үлесін ерекше атап көрсеттік. Сонымен бірге, киелі Түркістан жерінде ТүркПА төрағалығы Қазақстанға өтті. Енді мүше елдеріміздің барлық сала бойынша ынтымақтастығын нығайту, ұйымның халықаралық мәртебесін күшейту, түркі елдер бірлігін тереңдету - осының барлығы алдағы бір жылдың ішінде біздің жұмыстарымыздың ең маңызды бағыттары болады.

Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының заң шығару қызметі күшейтілмек. Ол үшін модельдік заңдарды әзірлеу ережелері қабылданды. Сондай-ақ заң жобалау жұмыстарының бес жылға арналған жоспары әзірленеді.

Талант Мамытов, Қырғыз Республикасы Жогорку кенешінің төрағасы: 
Бүгінгі жиын түркі халықтары үшін тарихи маңызы бар шара. Бүгінгі таңда әлем жахандық тұрғыдан үлкен өзгерістерге ұшырап отыр. Соның түркі халықтарының бірлесе қимылдағаны абзал. Пленарлық отырысқа өзге де мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдерінің де қатысуы форумның көкжиегін кеңейтеді.

Жиынға қатысушылар Түркістан декларациясының маңызды тармақтары Елбасының тарихи рөлін бекіту, Президенттік саяси реформалар пакетін қолдау және қауіпсіздікті нығайту мәселелерін талқылады.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу