Статистикаға сүйенсек, бизнес идеялар жарысына қатысушылардың 30 пайызы ғана жетістікке жетеді. Өткен демалыста Астанада стартап жобалар марафоны ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – туризм мен қоғамдық қызмет көрсету саласындағы үздік инновациялық жобаларды анықтау. «Нәтижесінде дайын жүйелердің көшірмесін жасамай, керісінше қоғамда бар проблемаларды көре алатын бизнес пул қалыптасады», - дейді ұйымдастырушылар. Алаңда Қостанай, Павлодар, Қарағанды қалаларынан келген командалар 30 жоба қорғады.
Павел Коктышев, қазылар алқасының мүшесі:
- Бұл жарыс бірнеше бағыттарды қамтиды. Біріншіден, жобаларды қорғаумен қатар, өзара тәжірибе алмасу арқылы қатысушылар білімін шыңдайды. Екіншіден, оларға берілетін мүмкіндіктерді айқындап, тұрғындарға пайдалы жобаларды іске асырады. Яғни, бизнеске алғашқы қадам жасайды.
Ғазиза МҰХАМЕДЖАНОВА