Ақмола облысының бірнеше ауданында қалың қар жауды
Ел аумағында ауа райы күрт бұзылды. Cолтүстік өңірлерде, тіпті, қалың қар жауды. Ал оңтүстік аймақтарда дауыл тұрып, қалалар мен елді мекендерді шаң-тозаң басты. Салдарынан жол қозғалысы қиындаған. Тілші материалы. Ақмола облысының бірнеше ауданында қалың қар жауды. Кейін ақ ұлпа еріп, көшелерде шалшық пайда болған соң, жол қозғалысы қиындаған.
Ал бұл Нұр-Сұлтан-Щучинск бағытындағы трассада түсірілген видео. Қардың қалыңдығынан, бағыт-бағдарды аңғару қиын. Жолдағы қарды тазалауға 8 техника жұмылдырылды. Мамандар көлік жүргізушілерін жол ережелерін сақтап, жылдамдықты арттырмауға шақырды.
Қостанай облысында да қар жауды. Мәселен, мына видео Бейімбет Майлин атындағы ауданда түсірілген. Тұрғындар бұл туралы әлеуметтік желілерде бөлісіп, көптеген қолайсыздық туғызғанын жазып жатыр.
Ал Алматыда бүгін қатты дауыл тұрып, қаланың көп бөлігін шаң-тозаң басты. Соның салдарынан көшелерде кептеліс пайда болды.
Мұндай табиғи құбылыс Жамбыл облысында да байқалды. Өңір аумағында Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолының 260 шақырымынан бастап 450-ші шақырымына дейін қозғалыс қиындаған.
Синоптиктер шаңды дауыл жаз бен күз айларында жиі болатын табиғи құбылыс екендігін айтты. Сондай-ақ Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері республика аумағында күн райы суытады. Кей өңірде жауын жауып, жел күшейсе, ал орталық пен солтүстікте қалың қар түседі.
Нұрхан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шахмат үздіктері 20 номинация бойынша марапатталды
13.05.2026, 13:24
Астанада робототехникадан халықаралық чемпионат өтіп жатыр
13.05.2026, 13:21
Жетісу облысына 2 миллиондай турист келеді
13.05.2026, 13:18
Үржар әуежайы жаңғыртылады
13.05.2026, 13:15
Премьер-министр БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесті
13.05.2026, 13:12
Атырау облысындағы атышулы қылмыс 15 томнан тұрады
13.05.2026, 13:09
Алаяқтардың ЖИ-мен жасаған аудиожазбасын әшкерелеуге болады
13.05.2026, 13:06
Әйелдердің саяси белсенділігін арттыратын тренинг басталды
13.05.2026, 13:03