Қазақстан Сауд Арабиясына вакцина жеткізуге дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Сауд Арабиясына вакцина жеткізуге дайын

27.09.2021

Отандық QazVac вакцинасына Сауд Арабиясы қызығушылық танытса, Қазақстан оны жеткізуге дайын. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бірлескен инвестициялық бизнес форумда осылай деп мәлімдеді. Сонымен бірге қазақстандық вакцинаны Сауд Арабиясымен бірлесіп өндіруді ұсынды. Айта кетейік, министр бұған дейін екі ел арасында тікелей әуе рейстері қайта жанданатынын жеткізген еді. 

Хабарламаларға жазылу