ІІ Дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен 7 сарбаздың сүйегі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ІІ Дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен 7 сарбаздың сүйегі табылды

24.09.2021

Жыл басынан бері Екінші Дүниежүзілік соғыста хабар-ошарсыз кеткен 7 қазақстандықтың сүйегі табылды. Олардың аты-жөндері анықталып, елге жеткізілді. Ауқымды жұмыстарға Ресейдің іздеу қозғалысы қолдау көрсеткен. Бұл туралы «Бейбітшілікті қорғағандарды есте сақтап, шындықты жеткізу» атты халықаралық конференция барысында айтылды. Жалпы майдан даласына аттанғандар арасында 270 мыңнан астам отандасымыз хабар-ошарсыз кеткен. Бүгінде олардың 30 мыңдайының сүйегі табылды. Іздеу шараларына ерікті жастар белсенді үлес қосып келеді, - дейді шараға қатысушылар.

Абай Тасболатов, «Atamnyn amanaty» ҚБ басқармасының құрметті мүшесі: 
Қоғамдық топтар біздің Қазақстанымызда сегіз. Бірақ солардың бастарын қосуымыз керек. Бүгінгі басты мәселе сол бізде.  Ақырғы солдатымызды, сарбазымызды тауып алып, қай жерде оның сүйегі жатыр, ең басты біздің аманат аталарымыздан қалған. Соны істеуіміз керек.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу