Алматыда ақын Шөмішбай Сариевке мемориалды тақта орнатылды
Алматыда ақын Шөмішбай Сариев тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды.
Бұл игі бастамаға қаламгердің жұбайы мен қала әкімдігі атсалысты. Шөмішбай Сариеваті еске алуға арналған басқосуға ақынның туған-туыстары, әріптестері мен өнер адамдары жиналды. Көзі тірісінде қаламгерге «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. Оның алғашқы жинағы 1974 жылы «Балдәурен» деген атаумен жарық көрді. Кейін «Жазушы» баспасынан таңдамалы өлеңдері топтастырылған кітап көпшілікке жол тартты. Ақынның бірнеше әуезді әнге арқау болған шығармалары ел аузында. Әдебиетке қосқан үлесі халықаралық және мемлекеттік сыйлықтармен бағаланды. Қаламгердің жарқын бейнесі халқының жадында мәңгі қалады.
Бауыржан Жақып, Қазақстан жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары:
Қазақтың эстрадасын, қазіргі эстрадасын қалыптастыруға үлкен еңбек сіңірген тұлға деп айтуымыз керек. Ал енді ол кісінің поэзияға сіңірген еңбегі 15 жыл «Жұлдыз» журналында қызмет атқарды. Табан аудармай. 1991 жылдан бастап М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Оның барлығы ол кісінің бүкіл өмірінде жалпы халқына беріп кеткен еңбегінің орасан зор екендігін көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13