Пандемия жағдайында әлем экономикасының даму перспективасы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пандемия жағдайында әлем экономикасының даму перспективасы талқыланды

21.09.2021

Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті. Тараптар пандемия жағдайындағы әлем экономикасының одан әрі даму перспективасына қатысты пікір алысты. Елбасы әлемде эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы жаңа дағдарысқа әкеп соғуы мүмкін екенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев пандемия салдарынан күрделі кезең қалыптасқанын және осылай жалғаса берсе, жаңа дағдарыстар туындауы ықтимал,-дейді. Қазірдің өзінде қарыз дағдарысы пайда болды, инфляция дағдарысы белең алып, энергия ресурстары арзандайды деген болжам бар. Әңгіме барысында сын-қатерлердің алдын алу шараларын әзірлеу мәселелері талқылады.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу