Әйгілі боксшы-сенатор Пакьяо президент болудан үмітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйгілі боксшы-сенатор Пакьяо президент болудан үмітті

20.09.2021

Филиппиннің әйгілі боксшысы Мэнни Пакьяо 2022 жылы президенттікке үміткер ретінде сайлауға түспек. Мұны ол сенбі күні жариялады.

42 жастағы Пакьяо сайлауға «Халық билігі» демократиялық партиясымен қатысады. Ал, қазіргі президент Родриго Дутерте жергілікті заңға сәйкес, тек вице-премьерлік үшін бақ сынай алады.

2016 жылы сенатор атанған Мэнни 13 жасында мектепті тастап, отбасын асырау үшін күндіз базарда сауда жасаса, түнде көшеде жекпе-жектерге шыққан. Ал, анасы оның шіркеу қызметкері болғанын қалапты.

Пакьяо бокс тарихында сегіз түрлі салмақ дәрежесі бойынша әлемдік титулдарды жеңіп алған алғашқы және жалғыз былғары қолғап шебері.

Дегенмен, биліктегі коррупция мен мемлекет басшысының Қытаймен сыбайластығын талай сынаған спортшы атағы жер жарып тұрса да, саяси рейтинг жағынан президенттің қызы Сара Дутертеден кейін тұр екен.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу