Қазақстан Президенті ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бірлескен отырысына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Президенті ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бірлескен отырысына қатысты

19.09.2021

АҚШ, Австралия және Ұлыбриятания қорғаныс және қауіпсіздік саласында AUKUS деген жаңа альянс құрды. Олар Үнді-Тынық мұхиттары аумағына Қытай ықпалының өсуіне алаңдайтынын, Пекиннің осы аймақтарда ықпалын тежеу үшін бірігіп отырғанын ашық айтады. Алғашқы жоспар да жасалды - Австралия одақтастарынан кеме құрылысына қажетті технологиялар алып, атом сүңгуір қайықтарына ие болмақ. Айта кететіні, осы келісімге байланысты Франция тарихта тұңғыш рет Австралия мен АҚШ-тағы елшілерін шақырып алды.

Себебі Австралия бұған дейін сүңгуір қайықтарын жасату үшін француздық компаниямен 56 млрд долларға шарт жасасқан. Енді соны алмаймыз деп отыр. Франция Австралияның әрекетін «жон арқадан қадаған пышақ» деп бағалады.

Айтпақшы, альянсты ресми хабарлау шарасында АҚШ президенті Джо Байдан Австралия премьер-министрі Скотт Моррисонның атын ұмытып қалған. Байден Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонға қарап, «Борис, мен мына жігітке алғыс айтқым келеді. Досым, көп рақмет», деп, «жігіт», «дос» сөздерін қолданған. Скотт Моррисон онлайн режимде күлімсіреп тұрды.

Душанбеде өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының сессиясы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына Ресей Президенті В.Путин де онлайн қатысты. Айналасында ондаған адамның коронавирус жұқтыруына байланысты оқшаулану режиміне көшіпті.

Қауіпсіздікке орай басты тақырып әрине, Ауғанстан. Бір жағынан тәліптердің қалай қимылдайтынын, қай жаққа бағыт алатынын әлі де қарау керек. Екінші жағынан, оларды оқшаулау немесе олардан оқшаулану да жол емес және ол мүмкін емес. Бұл жердегі маңызды аспект – Ауғанстанның гуманитарлық катастрофаға ұшырауына қарап отыруға болмайды. Үшіншіден, прагматикалық есеп.

Қазақстан Президентінің ұстанымдары мен ұсыныстары туралы Душанбеден Досжан Маратұлының материалы.


Хабарламаларға жазылу