Елордада қоқысты жинауға шетелдік өкілдер атсалысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада қоқысты жинауға шетелдік өкілдер атсалысты

17.09.2021

Бүгін Дүниежүзілік тазалық күні. Осыған орай Еуро Одақ өкілдігі Есіл өзенінің бойын тазалауға шықты. Экобелсенділермен бірге Нидерланды Корольдігі мен Эстония Елшілігінің өкілдері де атсалысты. Тақырыпты тілшіміз Ламбриан Топузидис тарқатып айтып берсін.

Бұл ерке Есілдің жағалауындағы көрінісі. Өзеннің екі бетінің де күл-қоқыстан көз жылтырайды. Бір қызығы бұл қоқысты елордалықтар емес, экобелсенділер мен шетелдіктер тазалап жүр. Айтуыларынша табиғат пен тұрған ортасын таза ұстап аялау кез-келгеннің міндеті.
Ламбриан Топузидис, тілші:
Бас қаланың іргесіндегі жерлердің көбі қараусыз жатқаны қынжылтады. Белсенділер осы өзеннің бойында жатқан күл-қоқысты тазалап қана қоймай, үстімен өтетін жолдың бойында да күл-қоқысты тазалауға тырысып жатыр.
Наут Ван Ванденберг, Қазақстандағы Нидерланды елшісінің орынбасары:
Қала тұрғындары өзен суын тұрмыстық қажеттіліктерге көптеп пайдаланып жататыны рас. Біз мұндай тазалық шараларды көбейткіміз келеді. Бізді арнайы түсіріп, осы іс-шара туралы ақпарат беріп кеткендеріңізге алғысымыз зор.
Жағажайларды қоқыс пен қалдықтардан тазарту бір күндік науқан емес. Елімізде жаңадан қолға алынған бастама бойынша экобелсенділер бұндай тазалық шарасын жиі өткізіп тұрмақ.
Кястас Янкаускас, Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы:
Еуропалықтар Қазақстанға келіп, осы елдің көп әдемі жерлерін көріп келсе екен деймін. Қазақстандықтар да Еуропа қалаларын өз көзбен көрсе екен деймін. Мен жуырда Балттық Теңізде демалып қайттым. Ол жерде ешкім күл-қоқысты жерге тастамайды.
Шетелдік белсенділерді өзен бойындағы қоқыс тастау орындарының жоқтығы алаңдатты. Ұзақ уақыт жатқан қалдықтарды еріктілер үш топқа бөлініп жинады.

Сөйтіп, қашықтығы 200 метрлік жағажай беті бір сағаттың ішінде тазаланды. Енді бұл пластикалық бұйымдарға толған қапшықтар арнайы полигонға жеткізіледі.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу