Тоқаев Иран Президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев Иран Президентімен кездесті

17.09.2021

Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті алаңында Иран Ислам Республикасының Президентімен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисиді жақында өткен Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, екі ел арасындағы байланыстарды жоғары бағалады.

Тараптар биыл сауда-экономика бағытында оң үрдістер байқалғанын атап өтіп, екі ел арасындағы тауар айналымды одан әрі арттыруға және көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, инвестиция салалары бойынша ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.

Хабарламаларға жазылу