400 мың қазақстандыққа қамқорлықпен қатар қаржылай қолдау жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

400 мың қазақстандыққа қамқорлықпен қатар қаржылай қолдау жасалады

16.09.2021

400 мың қазақстандыққа қамқорлықпен қатар қаржылай қолдау жасалады. Бүгін Сенат азаматтардың жекелеген санаттарына арналған арнайы заң жобасын мақұлдады. Құжаттағы өзгерістерді іске асыруға 55 млрд теңге қаралып қойған. отыр. Жаңа заң жобасында ескі редакциядағы кем-кетік ескерілді,-деді сала министрі Серік Шәпкенов. КЕСТЕ: Қазір елімізде 66 мың адам I-топтағы мүгедек санатында. Бірақ, әрбір үшіншісі күтім жәрдемақысы және жеке көмекшінің қызметімен қамтылмаған. Енді, сондай қамқорлыққа мұқтаж 24 мың тұрғынға мемлекеттен қолдау көрсетіледі. Ай сайын 48 мың теңге беріледі.

Бұдан бөлек мүгедек балаға күтім жасау мерзімі 18 жасқа дейін ұзартылды. Олардың жәрдемақы мөлшері 37 пайызға өседі. Тек алдымен қай топта екенін куәландыруы керек. Бұл 7-ден 16 жасқа дейінгі жеткіншектерді оңалту, және сырқатының дәрежесіне қарай ақы тағайындауға қажет. Заң жобасында тағы мүгедектік және асыраушыдан айырылуына байланысты жәрдемақыларды бір мезетте беру көзделіп отыр. Екі төлемді қосқанда отбасыға 78 мың теңгедей тиесілі.

Нариман Төреғалиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Заңға сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу кезiнде 16 жасқа дейiнгi мүгедек баланы бағып-күткен уақыт есепке алынады. Заң жобасында еңбек өтілін есептеу уақытын 18 жасқа дейін ұзарту көзделген. Бұл шара, зейнеткерлік жасқа келген адамдарға мемлекеттік базалық зейнетақысын және жасына байланысты зейнетақы төлемін алу кезінде еңбек өтілін толық ескеруге мүмкіндік береді.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу