Жамбылдағы жарылыс: Із-түзсіз жоғалған Бауыржан Дәуітбаевты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдағы жарылыс: Із-түзсіз жоғалған Бауыржан Дәуітбаевты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр

15.09.2021

Бүгін Таразда қызметтік борышын атқару кезінде опат болған Саят Әлімбеков пен Ерлан Қырғызалиев және Сергей Заикиннің жақындарына бірінші дәрежелі «Айбын» ордені табысталды.

Марқұм Саят Әлімбеков пен Ерлан Қырғызалиев жарылыс болған 28 /349 әскери бөлімінде басшылық қызмет атқарған. Ал, тура осындай бірінші дәрежелі «Айбын» орденімен награтталған Сергей Заикин төтенше жағдайлар қызметінде еңбек етті.

 Орынай Амантайқызы, Саят Әлімбековтың анасы: 
Бұл марапат баламды қайтып оралта алмайды. Ол өз алдына бөлек нәрсе. Қазақстанда тыныштық заман болсын. Қайтыс болған жігіттердің жатқан жерлері жарық. Топырақтары торқа болсын. Артында қалған жақындарына сабыр берсін. 

Жанкештілікпен қаза тапқан өрт сөндіру қызметінің мамандары Әділет Әділбек, Әліби Кеңес, Ғафан Қуатбек және Жәнібек Тұрмановтың отбасыларына үшінші дәрежелі «Айбын» ордені табысталды. Жарылыстың салдарынан 17 азамат қаза тапты. Қазір олардың отбасына мемлекет тарапынан жан-жақты көмек көрсетілуде. Ал, із-түзсіз жоғалған Бауыржан Дәуітбаевты іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.


Хабарламаларға жазылу