Мұнайлы ауданында 450 отбасы баспаналарын заңдастыра алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнайлы ауданында 450 отбасы баспаналарын заңдастыра алмай жүр

14.09.2021

Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында 400 ден астам отбасы 7 жылдан бері баспаналарын заңдастыра алмай жүр. Себебі, кезінде жеке кәсіпкерден салып алған жер учаскелері өндірістік шаруашылыққа арналған болып шықты. Соның салдарынан тұрғындар баспаналарына тіркеуге тұра алмай, әлеуметтік көмектерден құр қалған.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Атамекен ауылдық округіндегі мына көшенің аты жоқ. Мұнда сондай тағы 5 көше бар. Оларда 450 үй шамамен 1800 дей тұрғын тұрады. Олар жер телімдерін 2013-жылы алып, үй салған. Бірақ, қолдарында жерді иә баспананы растайтын құжаттары жоқ. 

Меруерт Айтанова жолдасымен бірге бұл үйді, жерін 2 млн теңгеге сатып алып тұрғызған. Бірнеше жылдан бері көп балалы отбасы осы баспанада тұрады. Бірақ, ешқайсы бұл үйде тіркеуде жоқ.

Меруерт Айтанова,    ауыл тұрғыны:
Әлеуметтік көмектерді ала алмай отырмыз. Былтыр карантинде берілген мектеп әкімшілігі берген ақшаны былтыр ала алмай қалдым. Енді биыл Қызылтөбе 2 ге пропискіге қойып биыл тапсырдым. 

 Тұрғындар жер учаскелерін жеке кәсіпкерден сатып алыпты. Бірақ, оған дәлел құжаттары жоқ. Жердің өндірістік шаруашылыққа арналғанын да кейін біліпті.

Болат Қошанов,   ауыл тұрғыны:
Жерді нақты ақшаға сатып алғанбыз. Біз тегін ақшаға жер сұрап жатқан жоқпыз. Бізге тек қана алған жерімізді заңдастырып берсе болды. 

Ауылдықтар осы шағыммен облыс әкімдігінің алдына жиналды. Билік өкілдерінің айтуынша, тұрғындар алаяқтардың құрбаны. Олар мәселені шешудің 2 жолын нұсқады. Біріншісі құзырлы органға шағымдану арқылы, жерді заңдастыру. Екіншісі, сол тұрғын үйлер аумағын Мұнайлы ауданының бас жоспарына енгізу.

Ержан Күмісқалиев, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары:
Соттың шешімі керек сол үшін, біз жаңа тұрғындармен ақылдасып, олардың өкілі сотқа беріп, осы жерді рәсімдеу жөнінде сотқа беретін болды. 

Аудан әкімдігі тұрғын үйлерге газ құбыры мен электр жарығын жүргізіп берген. Бір анығы, жылдар бойы орнығып қалған жүздеген отбасын ешкім бұл жерден қозғамақ емес.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу