БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясы ашылды

14.09.2021

Бүгін Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сы сессиясы ашылады.

Биыл шаралардың көбі онлайн емес, ұйымның Манхэттендегі штаб-пәтерінде өтпек. Коронавирустың тарауына қарамастан, алдағы екі аптада ассамблея жиындарына ондаған елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысады. Айта кету керек, қазір БҰҰ алдында тұрған өзекті мәселелер - Ауғанстан мен Мьянмадағы жағдай. Бұл екі елде билік күшпен ауысты. Мьянма үкіметін ақпанда армия құлатса, ал тамызда тәліптер Ауғанстанды басып алды.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу