Түркістан облысында жергілікті халықтың 86 пайызы екпе алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында жергілікті халықтың 86 пайызы екпе алған

14.09.2021

Түркістан облысында жергілікті халықтың 86 пайызы екпе алған. Яғни 810 мың адам вакцинаның алғашқы компонентін салдырса, екіншісін 633 мыңнан аса тұрғын қабылдап үлгерген. Өңірде індет жұқтырған науқастардың саны қыркүйек айынан бастап күрт азайды. Өткен тәулікте небәрі 28 адамнан ғана вирус анықталған. Инфекциялық госпитальдерде науқастар саны азайғандықтан, аудан-қалалардағы стационарлар шетінен жабылып жатыр.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу