Бірнеше күннің ішінде әлемді әбігерге салған Wanna Cry вирусы Қазақстанға да қауіп төндіруі мүмкін. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ескертеді. Зиянды бағдарлама Windows операциялық жүйесімен жұмыс істейтін барлық компьютерді зақымдайды.
Вирус төрт күннің ішінде әлемнің түкпір-түкпірінде 10 мыңнан астам компьютерді бұғаттап үлгерді. Алдымен, деректерді жарамсыз етеді. Алаяқ хакерлер оны ашу үшін есепшотқа қомақты қаржы аударуды сұрайды. Ақша төленбесе, файлдар мүлдем жойылуы мүмкін.
Оңғар АЛПЫСБАЙ