Тауарды міндетті таңбалау көлеңкелі нарықты 70%-ға азайтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тауарды міндетті таңбалау көлеңкелі нарықты 70%-ға азайтады

13.09.2021

 Тауарды міндетті таңбалау көлеңкелі нарық үлесін 70%-ке азайтады. Бірыңғай оператор Қазақстандағы цифрлық таңбалаудың тиімділігін есептеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл айналымға 900 млрд теңгенің тауарын кіргізеді. Мәселен екі жыл бұрын сүт өнімдерінің нарығы 800 млрд теңгеден асса, 140 млрд теңге көлеңкелі экономиканың үлесіне кетті. Нарықта заңсыз саудаланып келген сүт өнімдерінің 70-80%-і қысқарса, адал өндірушілердің саудасы 10 пайызға артады. Ал фармацевтика саудасының нарықтағы үлесі 1,4 млрд теңге. Жыл сайын 171 млн теңгенің дәрі-дәрмегі көлеңкелі нарықта саудаланады. Цирфлық таңбалаудың нәтижесінде енді 80 млрд теңге таза айналымға енеді. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу