Мемлекет басшысы Марат Ахметжановты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Марат Ахметжановты қабылдады

13.09.2021

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады. Ол Президентке 8 айда атқарған жұмыстарының қорытындысы және Жолдаудағы тапсырмалардың орындалу барысы жайлы есеп берді. Сондай-ақ, алдын алу шараларын белсенді жүргізе отырып, жиі кездесетін және тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдерін жетілдіру жұмыстары жөнінде айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

Раушан Сайлау

Хабарламаларға жазылу